Ақмола облысында карантин шаралары жеңілдеді
Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері аймақ аумағында шектеу шараларын жеңілдететін жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын жеңілдету туралы" Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 9 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
- білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне 60-тан астам бала тамақтану залында бір мезгілде болған кезде, бірақ отыратын орындар санының 50%-ынан аспайтын кезде, тиісті талаптарды сақтай отырып рұқсат беру;
- білім беру объектілерінде қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін қайта бастаған кезде мектеп асханалары қызметкерлерінің жұмысқа шыққан кезде бір рет COVID-19-ға ПТР тестілеуден өтуін қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, құжатта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Ақмола облысының тиісті аумақтарының, қалалары мен аудандарының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы екенін атап өтті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
