Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен

Желіде Зеренді ауданының тұрғындары жан түршігерлік оқиғаның куәгері болғаны туралы ақпарат пайда болды. Олардың көз алдында жергілікті депутат итті басып өтіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay

Оқиға 3 мамырда болған.

"А. есімді азамат жұмысына кетіп бара жатқанда, тұрақ орнында жатқан итті басып өтіп, оған тіпті мән бермеген. Әріптестерінің көзінше көлікті қойып, түсіп, "жұмысына" кетіп қалды! Ол тіпті келмеді, жанашырлық танытпады!" – деп жазды видео авторы. 

Оқиға куәгерлері итті құтқармақ болғанымен, ол оқиға орнында көз жұмды.

"Ақырында олар оны көлігіне тиеп, жерлеуге алып кетті. Ал "патшамыз" асығып жұмысына кетті! Мұндай "адамдар" біздің ауданда қалай басшылық қызметтерді атқарады? Адамдардың көзінше тұрақтағы жануардың үстінен басып өтіп, істеген ісіңе жанашырлық танытпау – садистік әрекет!". – деді куәгерлер.

Басылым оқиғаның бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын айтады. Алайда, кінәлі адам бұл мәселені көтергендермен күресіпп, жауапкершіліктен жалтаруға тырысып жатыр екнг.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты. .

Талқылау