Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында азаматтық некедегі әйелін өлтірген ер адам сотталды: Сот үкімі басқа бап бойынша шықты

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылының тұрғынының азаматтық некедегі әйелі қаза табуына қатысты сот отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ақмола сот

Фото: Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты

Балкашино ауылының тұрғыны Ш масаң күйде бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, оның беті мен басынан аяғымен, қолмен көптеген соққы жасаған. Әйел ауыр жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 

“Тұрмыстық қылмыстардың алдын алу мақсатында сот отырысына бұрын әкімшілік жауапқа тартылған Балкашино тұрғындары шақырылды”, – делінген хабарламада.

Сараптама нәтижесінде сотталушының психикалық және мінез-құлық бұзылыстарымен алкогольге тәуелділігі анықталды. 



Ер адамның үстінен Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі – “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша сотталды. Сарапшының пікірінше, Ш алкогольді ішу нәтижесінде “Психикалық және мінез-құлық бұзылыстарынан” зардап шегеді. Тәуелділік синдромы бар. Сот үкімімен ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды және оған жазасын өтеу орны бойынша маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, осы іс бойынша сот бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған ауыл тұрғындарын шақырып, жария сот отырысын жүргізді.

Еске салайық, 13 мамырда әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шығып, ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау