Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әскери қызметкерді абайсызда өлтіріп алған сарбаз екі жылға бас бостандығынан айырылды

Ақмола облысында сарбаз қызметтік автокөлікте ұстап отырған қаруын абайсызда басып әскери қызметкерді өлтіріп алған. Ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Ұлттық ұланның "Б" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің әскери қызметкеріне қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу ісі бойынша абайсызда адам өлтірді деген айып тағылды.

"Ол басқа әскери қызметкерлермен бірге ҰҚК-нің жедел-іздестіру іс-шараларына көмек көрсету үшін "Ч" сержанттың механикалық басқаруындағы қызметтік автокөлікке мінген. ҰҚК өкілдерін күту кезінде сотталушы жүргізушінің артындағы жолаушылар орындығында отырған. Ол абайсызда, немқұрайлы әрекет етіп, қаруды қолдану ережелерін елемей, кездейсоқ екі рет оқ атқан. Салдары адам өліміне әкеліп соқты", – делінген әскери сот ақпаратында.



Нәтижесінде жүргізуші ауыр жарақат алып, қайтыс болған.

Сот үкімімен сарбаз кінәлі деп танылып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Жәбірленуші өкілдерінің пайдасына 6 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Талқылау