Ақмола облысында 44 жастағы азамат кәмелетке толмаған көршісін зорламақ болған
Зеренді қаласының 44 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған баланы жыныстық қатынасқа түсуге көндіруге тырысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға жәбірленушінің анасы жүгінген. Қазір іс тергеліп жатыр.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола полициясы кәмелетке толмаған баламен интимдік қатынас орнатуға тырысқан Зеренді қаласының бұрын сотталған 44 жастағы тұрғынын анықтады.
"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің "жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттердi жасауға мәжбүр ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп атап өтті Ақмола облысының ПД.
Күдіктіге қатысты процессуалдық келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Талқылау
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған