Ақмола облысында 38 жастағы ер адамды көршісі атып өлтірді
Ақмола облысының Ерейментау қаласында көршісін атып өлтірген 60 жастағы жергілікті тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды көршісі өлтірген.
"Ерейментау қаласының 38 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысқа күдікті ретінде 60 жастағы көршісі ұсталып, қару тәркіленді. Сонымен бірге, оқиға куәгерлері де анықталды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады