AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 10 жасар баланы пойыз қағып, мерт қылды

Ақмола облысының Ерейментау станциясында 10 жастағы мектеп оқушысы пойыз астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Баттал Ыбраевтің айтуынша, қайғылы оқиға демалыс күні, 10 мамырда болған. Теміржол бала тұратын үйге жақын орналасқан.

"Оқиғаға байланысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 4-сынып оқушысы теміржолдың рұқсат етілмеген жерінен өтпек болған. Ол жерде белгіленген теміржол өтпесі жоқ. Одан әрі көпір бар, автобустар жүреді. Бала, өкінішке орай, осы уақытта ересектердің қадағалауынсыз болған", - деп түсіндірді Ыбраев.

Сонымен қатар, көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған факті Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

"Тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді", - деп толықтырды ведомстводан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр