Ақысы 7 млн теңге ме? Нұр-Сұлтан әкімі балаларының қайда оқитынын айтты
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов балаларының қандай мектепте оқитынын айтты. Ол әр перзентінің оқуына жылына бірнеше миллион теңге төлейтінін жоққа шығарды.

"Мен мұны жоққа шығарамын. Ол сюжетті көрдім. Бірақ тексерілмеген ақпаратты БАҚ-та жариялауға болмайды. Менің балаларым ақысы 7 млн теңге тұратын мектепте оқымайды. Балаларым басқалар сияқты қалалық мектеп-лицейге барады. Үлкен қызым грантта, ал екінші ұлым ақылы бөлімде оқиды. Қалған балаларым балабақшада. Бұл жерде жеке мен қызметті ажырата білу керек. Балаларым жеті миллион теңгелік мектепке бармайды. Менің жалақым ондай емес", – деді Көлгінов.
Ол қанша жалақы алатынын ашық айтты. Бүгінгі таңда оның айлығы 1 млн 900 мың теңгені құрайды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”