"Әкімнің кабинетінде не істеп жүр?": Динара Әлжан атыраулық ағайынға көмек беремін деп сынға қалды
Танымал әнші, блогер Динара Әлжан су тасқынынан зардап шеккен атыраулықтарға қаржылай көмек берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dinaraalzhanofficial/
Эстрада жұлдызы Атырау облысында дүниеге келген.
“Қайырлы түн, жақсыларым! Қалайсыздар? Елімізде болып жатқан кейінгі жағдайлар бәрімізге оңай болмай жатыр. 10 облыс су астына кетті. Өз туған жерім Атырауға осы жағдай басталғалы көмек көрсетіп келе жатырмын. Инстаграмға жария етуді ұнатпаймын, бірақ та мен халқыммен бірге екенімді көрсеткім келеді. Қиындықта шетте қалмайық, аз да болса жұртымызға көмектесейік", – деп жазды әнші жеке парақшасында.
Желі қолданушылары сүйікті әншілерінің іс-әрекетін қолдап жатса, енді бірі әкіммен бірге түскен фотосын ұнатпай қалды.
“Аударған 100 мың теңгесін бәрімізге көрсетті”, “Шын жаның ашыса туған жеріңе барып, көмектес”, “Бұл қыз әкімнің кабинетінде не істеп жүр”, “Әкімдерді ғана жақсы көреді екен”, “Динара, ешкімнің сөзіне мән берме”, “Қасыңда тұрған әкімдей жігітке күйеуге шығып ал”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.
Айта кетейік, шоу-бизнес өкілдері тасқыннан зардап шеккендерге неге 100 мың теңге ғана аударғанын түсіндіргенін жазған едік.
Еске салсақ, бұған дейін Жайық өзенінің деңгейі апатты межеден асып кеткенін хабарлаған едік. Жайықтағы су тасқынының екінші толқынынан 1400-ге жуық адам эвакуацияланды.