Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкім Болат Бақауов екі айға қамауға алынды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды. Шешім Павлодарлық мамандандырылған тергеу сотында қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

болат бакауов

Болат Бақауовқа Қылмыстық Кодекстің 362 бабы 4-ші бөлігі үшінші пункті бойынша қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр. Бұл баптар өзіне және өзге азаматтар мен ұйым үшін пайда табу мақсатында қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дегенді білдіреді. Осындай қылмысқа барғаны үшін мал-мүлкі тәркіленіп, 5-тен 10 жылға дейін сотталады және қандай да бір лауазымды атқаруға тыйым салынады.

Прокурор Рустам Сәдуақасов соттан Болат Бақауовты екі айға немесе 16 наурызға дейін қамауда ұстауды сұрады. Себебі облыстың экс-әкім бостандықта жазадан қашып болмаса тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін.

Болат Бақауов өзіне тағылып отырған айыппен келіспейтінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Болат Бақауов лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілінгені туралы және осыған қатысты Павлодар облысының әкімдігі түсініктеме бергенін жариялаған едік. 

Талқылау