Әкесі сегіз сағатқа қалдырып кеткен: Егіз бала көлікте қамалып көз жұмды
АҚШ-та сегіз сағат көлікте қалған Луна мен Финикс атты егіздер қайтыс болды. Әкесі балаларды аптап ыстықта көлікке қалдырып кеткен.
Әкесі көлікте балаларының жоқ екеніне сенімді болды. Таныстары әкесінің ол балаларын өте жақсы көргенін айтады.
39 жастағы ер адам әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді. Ол жұмысына келіп, көлігін құлыптап кетіп қалады. Ал, балаларын балабақшаға апарып тастадым деп ойлаған.
"Мен оларды жұмысқа барар алдында балабақшаға тастадым деп ойладым. Ессіз күйде жүргендеймін. Менің балаларым қайтыс болды, мен балаларымды өлтірдім, - деді әке.
Ер адам сотта жауап беріп, 100 мың доллар кепілдікпен босатылды. Сот отысырында ол көзіне жас алды. Оған "абайсызда адам өлтіру" және "абайсызда адам өлтірудің себептері" бабы бойынша екі айып тағылды. Ер адам мен оның әйелінің 4 жасар баласы бар.
Сот отырысынан кейін оны таныстары мен отбасы мүшелері қарсы алды. Олар ер адамның босап шыққанына қол шапалақтап қолдау білдірді.