Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкем қатты ішті": Дариға Бадықова балалық шағын есіне алды

Отандық актриса, әнші Дариға Бадықова марқұм әкесін есіне алып, тіршілігінде қандай адам болғанын “Біздің подкаст” жобасында айтып берді. 

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Актриса өнердегі әріптесі Олжас Абаймен сыр шертіп, балалық шағын есіне алды. 

"Біздің замандағы балалардың әкелерінің бәрі ішті. Менің әкем де ішетін. Әйел де ішеді, ер адам да ішеді. Ішкілікке салынған кезде бәрі ыдырайды, әр нәрсе берекесіздікке кетеді. ішкен тамақтың дәмі құриды. Әкемнің ішкілігінен зәру көрдім дегенде, мен енді әкем ішіп келіп, анамды келіп ұрып, бәрімізді ұйқыдан оятып алып, қыратын кезі болмаған енді. Әкем ішсе де, момын ішкіш болды. Ал ағайын-туыс, көршілерден көргенім де бар. Күйеуі ішіп келсе, әйелін ұрып, балаларының берекесін кетіріп жататын. Менің әкем ондай болған жоқ, бірақ ішті", – деді актриса.



Әңгіме арасында өнер иесі Олжастан да әкесінің қандай болғанын сұрады. Актер да әкесінің ащысуға жақын болғанын жасырмады. 

“90-жылдар барлық әке ішкен сияқты. Қоғам сондай еді. Менің әкем де ішті. Зәбір көріп, айқайлап, ұрысқанын да талай естідік. Бірақ мен көп жанында болмадым. Мектеп-интернатта өскендіктен, басқа бауырларым әкемнің мінезіне шыдады. Мен 11-сыныпқа дейін интернаттың тәрбиесін көрдім”, – деп жауап берді актер. 

Еске салайық, Дариға Бадықова су тасқыны кезінде көмек бермеді дегендерге ашуланғанын жазған едік. 

Бұған дейін Дариға Бадықова киносын сынаған танымал кәсіпкерге жауап бергенін жазған едік. 

Сондай-ақ тойға күзетшімен барған өнер иесі сынға қалғанын айтып, себебін түсіндірген еді. 

 

Талқылау