Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкем – инженер": Блогер Damelya Sweet тегін не себепті жасыратынын ашық айтты

Жастар арасында “Damelya Sweet” лақап атымен танымал Дамели Бектұрсынова Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында ата-анасының кім екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/damelya_sw_

Блогердің тегін не себепті құпияда ұстағаны белгілі болды.

“Мен кішкентай кезімде балабақшада “Дамелька-карамелька” деп атайтын. Үйде әкемнің ерке қызымын. Бірақ ата-анам тегімді жариялауды, әлеуметтік желіні ұнатпайды. Содан “Damelya Sweet” болып кеттім. Бірақ ол ешқандай құпия емес. Әкем – министр емес. Ондай қауесет қайдан шыққанын білмеймін. Адамдар әкемнің кім екенін, оның тегін тауып алды. Ол жалдамалы жұмысшы, компаниядағы қарапайым қызметкер. Бірақ адамдар бас директор болса, министр болып кетті деп ойлайды. Ол ешқашан мемлекеттік қызметте болмаған. Толық аты-жөні – Бектұрсынов Нұрлы Асылбекұлы. Бірінші рет айтып тұрмын”, – дейді Дамели.

Блогердің тегіне байланысты өз жоспары, арман-мақсаттары болған екен. Алайда желі қолданушылары оны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген. 

“Негізі менің мақсатым – өз тегімді бірінші рет “Forbes-та” көрсету еді. Бірақ кейбір адамдар менің фамилямды, ата-анамның кім екенін TikTok желісіне салып, менің арманымды бұзды. Анам – жоғарғы математика пәнінің оқытушысы, әкем – инженер”, – дейді блогер.

Талқылау