Ақбота Сейтмағамбет ресми түрде есімін ауыстырды
Танымал әнші, актриса Ақбота Сейітмағамбетова ресми түрде атын өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі құжаттарының бәрін ауыстырып та үлгерген.
“Сүйінші, енді Бота ресми түрде Ақбота-Нұр", – деп жазды ол.
Ал құжатта Ақбота Сейітмағамбеттің аты-жөні "Даирбек Ақбота-Нұр" деп көрсетілген.
Айта кетейік, өнер иесінің жеке өмірі жиі ел талқысына түседі. Жақында актриса бұрынғы күйеуі, актер Дәурен Айдарқұловпен бірге сахнаға шығып, оны “Ең үздік актер” деп атаған еді.
“Рақмет, жылы сөздерің үшін! Осындай қолдау шабыттандырады және алға ұмтылуға күш береді. Сенің талантың ерекше және әр жобаңда осыны дәлелдеп келесің. Саған да тек сәттілік тілеймін!", – деп жазды актер.
Еске салайық, Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловпен бірге түскен суретін жариялаған еді.
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді