Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет Дәуреннің кезекті өтірігін әшкереледі (фото)

Айдарқұлов пен Сейітмағамбеттің махаббат хикаясы «Гламур для дур» фильмінен бастау алған-ды. Кинокартинада басты рөлді сомдаған Дәурен мен Ақбота түсірілім кезінде бір-біріне ғашық болып, көп ұзамай қосылды. Алғашқыда жеке өмірлерін халықтан жасырмақ болып, кейіннен оны тез танылудың жолына айналдырып алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Сонымен, Ақбота үш баласы бар Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты. Бірақ заңды түрде емес, тек шариғат бойынша некелерін қидырды, балалы болды. Бірақ ақ көйлек киіп үлгерместен ажырасқанын мәлімдеді. Тіпті «екі рет қателестім, енді алдағы уақытта бір қателікті қайталағым келмейді, халыққа тек жақсы жағынан көрінуге уәде беремін», – деді.

Ал бірер күн бұрын Дәурен Айдарқұлов Ақботамен татуласқанын мәлімдеді.

«Біз біргеміз. Болды. Осымен тақырыпты жабамыз. Бізді қолдағандарға ізгі ниеті үшін алғыс айтамын. Ал қарсы болғандардың пікіріне түкіргенім бар. Ұзақ уақыт үндемедім. Бұдан кейін де үнсіздік танытып, өз қалауымша өмір сүретін боламын. Мұның бәрі отбасымды сақтап қалу мақсатында жасалады», – деп жазды Айдарқұлов Instagram парақшасында.

Алайда Ақбота Сейітмағамбет бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Дәуренмен қайта қосылғаныңыз рас па?» деген оқырман сауалына ол: «Жоқ», – деп қысқа қайырды.

Бұл ретте желі қолданушылары Дәурен Айдарқұлов Ақботаны пайданаланып, өзіне пиар жасамақшы деп айыптады.

Жіберіп алмаңыз:

Санжар Мәди АҚШ-та “Спорттық Оскар” сыйлығымен марапатталды

50 жыл бірге: Димаштың атасы мен әжесі Ақтөбеде алтын тойларын дүркіретіп тойлап жатыр (фото, видео)

Қытайда тағы бір марапатқа ие болған Димашқа көрермендер ән айтқызбай қойды (видео)

Замирадан төсек қатынасы туралы сұраған журналисті әріптестері арсыз деп атады (видео)

Талқылау