Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет: Бірінші әйелі рұқсат берсе, балаларымыздың бірге өскенін қалаймын

Ақбота Сейітмағамбет алдағы уақытта Дәуреннің алғашқы некесінен дүниеге келген балалары мен өзінің балаларының бірге өскенін қалайтынын айтты. Мұнымен қатар, ол актерді бастапқыда қызғанғанын жасырмады.

akbota-dauren-bayan-2707

Сурет: Ақбота Сейітмағамбеттің парақшасынан, желіден

Бұл туралы Ақбота Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

– Бауырың сенің екінші әйел болуыңа қарсылық білдірмеді ме?

– Бауырым мені қандай жағдай болса да, қолдайды. Оған бұл туралы бастапқы кезден бастап айттым. Себебі, оған барлығы туралы айтып, алдын ала ескертіп жүремін. Өзі де түсіністік танытуға тырысады. “Қандай жағдай болса да, сені қолдаймын. Тұрмысқа шықсаңыз да, шықпасаңыз да, балалы болсаңыз да, болмасаңыз да, мен сіздің жаныңыздамын” деді. Оған ананың орнына ана болып, кішкентай кезінен бастап өсірдім десем де болады. Жуындырып, мектебіне өзім алып баратынмын.

– Сенің Жұлдыз Өмірғалимен тағдырлас болғаның рас па?

– Жұлдызбен қарым-қатынасымыз жақсы. Бірақ, жеке өмірі жайлы сұрамаппын. Көрген кезде сәлеміміз түзу. Былайынша ұялы телефонмен хабарласып тұрамыз. Тыңдармандарымның жеке өміріме араласпағандарын қалаймын. Мұндай тағдыр маған ғана емес, басқалардың да пешенесіне жазылуы мүмкін. Бірақ, пешенемізге жазылғанын көреміз. Отбасым бар, өзім анамын, бақыттымыз. Бұрынғы отбасы мәселесі қозғала береді. Дәуреннің ол жақта бала-шағасы бар. Олардан мүлдем қолын үзбейді. Қолымыз қалт етсе, сол жаққа барамыз.

– Дәуренді қызғанған кездерің болды ма?

– Бастапқы кезде қызғаныш сезімі болғанын жасырмаймын. Ал қазіргі таңда оны қызғанатындай еш себеп жоқ. Өзіміздің де баламыз өсіп келе жатқандықтан, олардан мүлдем қызғанбаймын. Бұрынғы жұбайы келіссе, балаларымыздың бірге өскенін қалайтын едім. Мұны менің де жолдасым қалап отыр. Енді бұйырғаны бола жатар.


Жіберіп алмаңыз:

Честер Беннингтонның жесірі іштегі жанайқайын жеткізді

Жартылай жалаңаштанған Валерия тыңдармандарының көңілін қалдырды (фото)

“Еуразия” кинофестивалінің бас жүлдесін «Оралман» картинасы жеңіп алды

Ұстаз: Қадірі жоқ әншілер билетін зорлап өткізеді

Талқылау