Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота-Нұр: Марқұм анам көзі тірісінде "енеңмен бірге тұр" деген еді

Миллиондаған тыңдарманы бар, қылықты да көрікті әнші Ақбота марқұм анасының көзі тірісінде айтқан өсиетін еске алды. Айтуынша, анасы қызының өнерге келуіне қарсы болған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Ақботаның айтуынша, анасы көзі тірісінде қызының өнер жолына келуіне қарсы болған. Ақботаға дәрігер немесе адвокат болуға кеңес беріпті. Алайда қызының өнерге жақын екенін байқаған соң өлер алдында батасын берген. 

"Менің әнші болғанымды қаламады. Анам көп ауыратын. Мен ол кезде кішкентай қызбын. Ешнәрсені білмедім. Анамның сырқат екенін қайтыс болар алдында естідім. Өзім 5 жасымнан ән айтып, би билейтінмін. Соны байқады ма, анам өлерінің алдында батасын берді. "Өнерге барам десең өзің біл. Арманыңа жет. Мен сені қашанда қолдаймын" деді. Қайтыс болардан 5 сағат бұрын осылай деді", - деді Ақбота.

Әнші бала болса да, анасының сөзін әлі де ұмытпаған. Үнемі айтқан ақылын да жадынан шығармайды. 

"Анам маған "кейін тұрмысқа шыққан соң, енеңмен бірге тұр, енеңді сыйла, үлкендерді құрметте" деп айтып отыратын. Содан болар, менде сондай тәрбие қалыптасқан. Енеммен тұруға қуана келістім. Ол кісі менің қамқоршым. Ауырып қалсам, үнемі жанымда", - деді ол. 

Айтуынша, екінші сәбиін өмірге әкелген соң әншінің денсаулығы сыр беріп, соның салдарынан өнерден қол үзіп қалса керек. Алайда енесінің арқасында ауруына айығып келеді. Келесі жылы қайта шығармашылықты қолға алып, жаңа әндер жазамын деп бекініп отыр.  

Ақбота-Нұр: Анашымның жанымда болғанын қалап едім

Талқылау