Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақболат Өтебай: Бұйырса тоқал аламын

"Назар аудар" театрының белді мүшесі, әзілкеш, жайдарманшы Ақболат Өтебай әйеліне сұхбат берді. Жары екеуі оңаша сырласқан жұп көпшілік алдында отбасылық мәселелер жайлы айтты. Әзілкеш екінші әйел алу жоспарында барын айтып қалды. 

Бұл туралы желідегі Мәміле арнасында айтылды. 

Мың сұлудың арманы болған Ақболат Өтебай бүгінде 4 баланың әкесі. Отбасылы. Бақытты әке. Соңынан ерген 4 ұлы бар. 

"Мен үшін бақыт деген - өзгелерді қуанту. Өзіңде барды бағалау, оның қадірін білу, біреуді қуанту, біреудің пайдасына жарау, оның қуанышын сезіну - үлкен бақыт деп ойлаймын. Мәселен, ұлды болдың дейік. Ол кездегі бақытты сәтті айтып жеткізу қиын. Бір міскінге көмектестің, ондай жақсылықтың сауабын сезіну ерекше. Мен үшін бақыт деген сол. Бақытты өмір болмайды. Бақытты сәттер болады", - деді Ақболат. 

Әзілкеш бойдақ кезінде де, отбасын құрған соң да өзіне хат жазып, танысқысы келетін қыздардың көп болғанын жасырмайды. Олардың ішінде Айнамкөзді жар қылып таңдаған. 

"Мен сахнаға шығып жүргенде көп қыздар жазатын. Телефон нөмірімді тауып алатын. Ол қалыпты жағдай ғой. Оның бәріне мән бермейтінмін. Мен бұрын көп қыздармен жүрген жоқпын. Бір жақсы жерім ол. Ең бірінші орыс қызбен кездесіп жүрдім. Ол қазір толықсып кеткен үлкен апа. Оның қайда, не істеп жүргенін білмеймін. Бұрын кездескен қыздар туралы ойламайды екем. Ұмытылып кетті ғой", - деді актер.


Әйелімді жақсы көремін: Ғазиз Ерболат өзіне хат жазған, сыйлық берген қыздар жайлы 


Әзілкеш әр сөзін әзілмен айтқанымен, тоқал алу мәселесіне сақ қарайды. Екінші әйел алу жоспарында барын мойындады. 

"Негізі екінші әйел алу туралы жоспарым бар. Бірақ ол тағдырыма жазылғанына қарай. Мен қанша қалағаныммен, бұйырмаған болса ала алмаймын. Егер қаламасам да, маңдайыма жазылса, екінші әйел алатыным ақиқат. Құдайдың жазғаны болады. Бұйырғанын көреміз. Бұйырса екен", - деп күледі Ақболат. 

Төрт ұл тәрбиеле отырған әзілкеш қызды болуға қорқады. Қыздың тағдыры, тәрбиесі бөлек екенін айтады. Қыз баланы ұзатқанша жауапта болу керек деген пікірде. 

"Қыз баланың тағдыры әкенің мойнында. Оны үнемі бақылап, қадағалап ұстау керек. Телефонмен кіммен сөйлесті, кіммен жазысты, кіммен кездесті дегенді анасы бақылау керек. Қыз баланы ұзатқанға дейін жауапты болу керек", - деді Ақболат. 

Әзілкеш жары Айнамкөзді ақылды әйел санайды. Мамандық таңдауда қателессем де, жар таудауға қателескен жоқпын дейді өзі.  

"Мен Айнамкөзді көргенде жарым болады, балаларымның анасы болады деп ойладым. Ол кезде қалай жақсы көрсем, қазір одан да қатты жақсы көрем. Жар таңтауда қателескен жоқпын. Ақылын, тәрбиесін көріп сезімін өршімесе, суыған емес", - деп сөзін аяқтады. 

Талқылау