Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелімді жақсы көремін: Ғазиз Ерболат өзіне хат жазған, сыйлық берген қыздар жайлы

Жайдарманшы, әзілкеш Ғазиз Ерболат көпшіліктің сүйікті актері. 7 жыл бұрын үйленген ол әйелі барын жасырған емес. Алайда өзіне сезімін білдіріп, хат жазған қыздардың көп болғанын айтады. Әзілкеш ел алдында әйелі қойған сұрақтарға жауап берді. 

Бұл туралы желідегі Назар аудар арнасында айтылды. 

Ғазиз Ерболат осыдан 7 жыл бұрын шаңырақ көтерген. Бойдақтық өмірмен қош айтысқалы бері әйелі барын жасырған емес. Алайда әлеуметтік желіде жарымен түскен суретін жариялап, сезімін білдірмейді. Отбасын көпшіліктен тасада ұстайды. Бағдарлама талабына сай, әзілкеш әйелі қойған сұрақтарға көпшілік алдында жауап берді. 

"Назар аудар" командасының бірлесіп жұмыс істеп жатқанына 10 жыл болды. Бірақ бір рет болса да ақшаға таласып,  ақша бөлісе алмай ұрысқан кезіміз болған емес. Болмасын деп тілейміз. Жайдарманға да, КТА-ға да ризамыз. Екеуін де бөліп жармаймын. Бірақ мен үшін қазір "Назар аудар" алдыңғы орында", - деді әзілкеш. 

Ғазиз Ерболат туған жері Оралда тұруды армандайды. Елорда жастардың қаласы. Мүмкіндік Оралда да көп деп есептейді. 

"Мен туған жерім Оралда тұрсам деймін. Нұр-Сұлтан - жастардың қаласы. Бірақ Оралда бәрі қолжетімді. Ата-анаммен бірге Оралда тұрсам деймін. Басқа жаққа көшкім келмейді", - деді әзілкеш. 

Ғазиз Ерболат көп уақытты түзде жүреді. Гастрольдік сапармен жүретінін мойындайды. Отбасының қасында көп уақыт бола алмайтынын жұмыстың көптігімен байланыстырады. 

"Әйелімді жақсы көремін. Жақсы көрмесем не үшін тұрамын. Балаларымның көп болғанын қалаймын. Екінші әйел алуға қарсы емеспін деген едім бір кездері. Бірақ ол туралы қазір айтпай-ақ қояйын. Бұрынғы жүрген қыздарым туралы да айтқым келмейді. Олар тұрмыста шығар. Қазір отбасылы шығар. Күйеулерімен ұрысып жатпасын", - деді әзілкеш. 

Екі сұраққа жауап бере алмаған ол бағдарлама талабы бойынша әйеліне 60 мың теңге беруге уәде берді. 

"Бойдақ болып жүргім келмейді. Бойдақ болып сезінгім де келмейді. Жігітке түзде жүрген оңай емес. Жағдайы жасалмаса, шаршайды. Балаларын сағынады, әйелін сағынады. Тойда небір сұлу қыздар жүргенімен, біркүндік сезімге берілмеймін. Боянған қыздан үйде өзіңді күтіп отырған әйелің мың есе артық", - деді Ғазиз. 

Әзілкеш өзінің үйленген уақытын нақты айтып берді. Алайда телефонының құпиясөзін жасырады. 

"Телефонымның құпиясөзін айта алмаймын. Ол менің құпиям. Отбасымды да жасырып ұстаймын. Әйелімді, балаларымды көпшілікке көрсетпеймін. Біреудің көргенін қаламаймын. Маржан теңіздің түбінде жатады ғой. Сонысымен құнды. Сол сияқты мен де өз байлығымды тасада ұстаймын", - деп жауап берді. 

Талқылау