Академик жүз жасқа дейін өмір сүрудің құпиясымен бөлісті
Жүз жасқа дейін өмір сүру үшін көп қозғалу керек, әлемге жақсы көзқараспен қарау қажет. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Ресей Ғылым академиясының қызметкері, А.Н. Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ұлттық медициналық ғылыми орталығының президенті, "Ұлт денсаулық лигасы" Бүкілресейлік қоғамдық ұйымының президенті, академик Лео Бокерия мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әрине, қозғалу керек, өйткені қозғалыс – бұл өмір. Екіншіден, менің ойымша, бұл дүниеге мейірімділікпен қарау керек. Мен бәрін кешіру керек деп айтпаймын, тек қажетсіз адамдардан аулақ жүріңіз. Ең бастысы, өмірге деген құлшынысты айтар едім. Мақсат болуы керек, сондай-ақ адамның сүйікті ермегі болғаны жөн", – деді академик.
- Дәрігер мастықтан тез айығуға көмектесетін тәсілді айтты
- Ғалымдар: Музыкамен шұғылдану мидың қартаюын тежейді
Сонымен қатар Бокерия салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және ішімдікті тастау маңызды екенін атап өтті.
Алкогольдің кез келген мөлшері асқазанның шырышты қабығын зақымдайды және бұл жүйке белсенділігіне тікелей байланысты деді ол.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі