Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana енді ересектердің қарауынсыз ұшатын балаларды тасымалдауға ақы алады

"Эйр Астана" әуе компаниясы ересектердің қарауынсыз ұшаққа мінетін балаларды тасымалдау үшін ақы алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Әуе компаниясының мәліметінше, баланы бір аймаққа тасымалдау құны 9750 теңгеден басталады. 

"1 қазаннан бастап 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз Қазақстанда тасымалдау үшін арнайы төлем алынады. Оның құны бір бағытқа 9750 теңгеден (20 доллар) басталады", – деп хабарлайды әуе компаниясы.



Бұл ақы бала әуежайға тіркелген сәттен бастап, баратын жеріндегі жауапты тұлғамен кездескенге дейін есептеледі. Олар  ұшаққа  бірінші мініп, соңғы қатарына отырғызылады. Сондай-ақ олар экипаждың бақылауында болады.

Заңды өкілдер баланы стюардессаларға тапсыру үшін әуежайға ұшу уақытынан кемінде 1,5-2 сағат бұрын келуі керек. Балаларды ұшақпен жалғыз тасымалдау кезінде электрондық құжаттарды қолдануға рұқсат етілмейді. 

Айта кетейік, бұған дейін Air Astana әуе компаниясы алғаш рет басқарма мүшелеріне берілген сыйақы көлемін жариялаған еді. 

Талқылау