"Ай біздікі": Дональд Трамп Жер серігін АҚШ-тың меншігі деп атады
АҚШ президенті Дональд Трамп Айды өз елінің меншігі деп атады. Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп Жердің табиғи серігінің суретін жариялап, оған "Ай біздікі" деген жазу қалдырған. Жазбаның соңына АҚШ туын қойған.


Тамызда Трамп 2030 жылға қарай ғарышқа жасалатын ұшулар санын мыңға дейін жеткізуді көздейтін меморандумға қол қойды. Бұл мәлімдеме АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асқан тұста жасалды.