Google Трамптың бұйрығымен Канададағы Онтарио көлінің атауын "Америка көлі" деп өзгертті
АҚШ пен Канада арасындағы дау енді цифрлық кеңістікке де ауысты. Бұған себеп – АҚШ президенті Дональд Трамп Онтарио көлінің атауын "Америка көлі" деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Google компаниясы Ақ үйдің шешіміне бағынып, карталардағы атауды өзгертті.
Енді көлдің атауы қолданушының орналасқан жеріне қарай көрсетіледі. АҚШ-тағы қолданушылар үшін ол "Америка көлі" деп жазылады. Канадада тарихи атауы – "Онтарио көлі" деп сақталған. Ал басқа елдердің тұрғындары үшін картада екі атау қатар көрсетіледі: "Онтарио көлі (Америка көлі)".

Канада премьер-министрі Марк Карни Онтарио атауының байырғы уэндат халқының тіліндегі Ontari'io сөзінен шыққанын еске салды. Оның айтуынша, бұл атау 400 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған және АҚШ пен Канада құрылғанға дейін қолданылған.
Ал Канаданың Онтарио провинциясының премьер-министрі Даг Форд көл жағасына "Онтарио көлі. Қазір және мәңгілік” деген жазуы бар алып тақта орнатты.
Бұған дейін АҚШ Канададан импортталатын тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізген еді. Оттава бұған жауап ретінде америкалық тауарларға дәл сондай баж салығын енгізді.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
