Елімізде АИ-95 бензин бағасы қымбаттауы мүмкін - Энергетика министрі
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АИ-95 бензин бағасының қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Ал АИ-92 бензиніне келетін болсақ, біз қажетті соманы сақтап қойдық. АИ-92 үшін қауіп жоқ. АИ-95 бойынша белгілі бір қауіптер пайда болды. Бағаның өсуі болуы мүмкін, бірақ ол реттелмейді. Себебі, жаз мезгілінде әсіресе курорттық аймақтарға саяхаттар көбейеді. Осыған байланысты біз АИ-95-тен тәуекелдерді көріп отырмыз. Жағдайды бақылауда ұстауға тырысамыз”, – деді Сәтқалиев сейсенбі күні өткен үкімет отырысында.
- Елде автогаз бағасы өседі
- "Оларды мұржасынан түтін шығып тұратын үйлерге ұқсатамын": Алматы әкімі көліктердің экологиялық стандартқа сәйкестігін тексеруді ұсынбақ
Оның айтуынша, министрлікте мұнай өндіруші ұйымдармен Ресей Федерациясынан АИ-95 қажетті көлемдегі импортын қамтамасыз ету туралы өтінішпен кеңес өткен.
Алматылықтар тұмшаға тұншығып жатқанын айтып, дабыл қақты: Қай ауданның тұрғындары қауіпті аймақта орналасқан
Almaty Air Initiative: "Қолайсыз ауа райы кезінде ластаушы заттар ауада дұрыс таралмай, қала үстінде жиналып қалады"
“Ішім созылып, әбіржігім келмейді": Қазақстандық қыздар неге бала туудан бас тартып жатыр
Қазақстанда бес жылда туған балалар саны 25 пайызға азайған