"Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобының көшбасшысы Еркін Ізбасар қайтыс болды
Ақтөбеде бұған дейін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған "Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы Еркін Ізбасар қайтыс болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ізбасардың қайтыс болғаны туралы ақпаратты оның жақын досы Бауыржан Нұрмаханов растады. Сондай-ақ ол Еркін Ізбасарды жерлеуге туған-туыстары мен жақындары дайындалып жатқанын атап өтті.
“Ия, бұл таңертең орын алды. Қазір бәрімізге оңай емес. Еркін ұзақ уақыт сырқатпен күресті”, – деді Бауыржан Нұрмаханов.
- Болат Назарбаевтың асына шақырылған жоқпын – Маңғыстау әкімі
- "Баспанасыз қалайын деп тұрмын": Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар әкімдікке жиналды
Еске салайық, 2018 жылдың тамыз айында Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болған. Ол бірқатар айыптармен қоса, соның ішінде қылмыстық қоғамдастық ұйымдастырды деген айыппен сотталған.
2021 жылдың қараша айында Ізбасардың денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босатылғаны белгілі болды.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен