Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ағаш атқа теріс мінгіздің": Алтынай Жорабаева жеке өміріне тиіскен оқырманын орнына қойды

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева жеке өміріне қол сұғып, ұнамсыз пікір жазған оқырманына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Эстрада жұлдызы өнер өкілдерінің жеке өмірін талқылап, орынсыз сын айтатындарға үндеу жасады. 

"Әркімнің өз шындығы бар. Бірақ ақиқатын Алла ғана біледі. Блогер болсын, имам болсын, психолог-коуч болсын, әнші болсын, шенеунік болсын, жабық киінгені болсын, ашық киінгені болсын, орамалдағы болсын, жалаңбасы болсын, ішімдік ішетіні болсын, тақуасы болсын, ешқайсы ешкімнің өміріне, жеке шаруасына, өмірлік ұстанымына айып тағуға құқығы жоқ! Сын айтуға, пікір білдіруге әр адам құқылы. Бірақ соның өзінде сын айтатындай қаншалықты мінсіз? Өз стандартыңызбен басқадан ештеңе талап етпеңіз! Әркім өміріндегі іс-әрекетіне өзі ғана жауап береді", – деп жазды әнші. 



Өнер иесінің тыңдармандары мен оқырмандары түрлі пікір қалдырып, әншімен келісетін және келіспейтін ойларын бөлісті. 

“Алтынайға бай шақ келмейтін болды. Сәбитті ағаш атқа теріс мінгізіп, жамандап едің. Айгүл бірауыз жамандаған емес” деген сыңайда пікір жазған оқырманына әнші жауап берді. 

“Осындай сөздерді қандай сенімділікпен жаздыңыз? Ұрпағыңыз үшін Алладан қорықпайсыз ба?”, – деп сөгіп тастады мәдениет қайраткері. 

Еске салайық, әнші "Ер-азаматтың берекетін қашыратын әйелдер бар" деп қыз тәрбиесіне қатысты сөз қозғағанын жазған едік. 

Талқылау