Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ағаң мен ініңнің әйелін тоқал қылып жүре бер": Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға ескерту жасады

Әлеуметтік желіде белсенді, блогер, қайырымдылық іс-шараларының ұйымдастырушысы Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/irisbala_ikrambai

Айта кетейік, көпшілікке Жарқын ұстаз деп танылған Жарқын Мырзатай  жігіттерге үндеу жасап, блогер қыздарға жоламауға және оларға үйленбеуге кеңес берген еді. Қазір имамның сөзіне қарсы шығып, үн қатқан Ырысбала Икрамбайды тілдеп, балағаттайтындар көбейген. 

“Білесіздер, иә, менің атымды жамылып алаяқтық жасаса да, көпке ұнамайтын іс-әрекет жасаса да, мен оны тауып алып, есігінің алдына барып, әкесін танытқан кезде сіздер "кешіре сал" деп шығасыздар. Сонда мен оны неліктен сонша күн іздеп, басымды ауырттым деймін де. Содан кейін "Ырысбалаға жауап" деп шығаратындар да, қанымды қарайтпаңдаршы менің. "Тыныш жатқан бүркітті, құйрығынан түртіп, үркітті" деген бар, иә. "Өзің диуанасың, кімге пір боласың?" дейді. Қос-қостан қатын алып, 20 жастағы қызды тоқал қылып, арттарыңнан ертіп, Меккеде уағыздарыңды айтып жүре берсеңдерші. Інің мен ағаңның қатынын тоқал қылып ала беріңдер. Менің ашуыма тимеңдер. "Әйел ашуланса, қазан қайнатады" дейді, мен қазан қайнатпаймын, мен маған тиіскен адамның сорын қайнатамын”, – деп ескертті блогер. 



Сондай-ақ орынсыз ақыл айтып, имамның сөзін дұрыс дейтіндерге де жауап берді.

“Мен орынсыз барып, "маған статистиканы көтеру керек" деп біреуге тиіспеймін. Мен ондайдан өтіп кеткенмін. Мен мойындаймын, "мойындаған да ерлік" дейді, мен "көкбет қатынмын". "Кесірткені ұрған сайын, ісініп, семіреді" дейді ғой, мен де сол секілді сөйлеген сайын ісінетінмін қатынмын. Шүкір қазақтың бетпақ даласындай бетіміз, "ат жақты" дейді ғой, сондай жағымыз, айырғұлаш тіліміз бар. Жауымызды да айыратын, сүйгенімізден де айыратын, басымызға таяқ боп тиетін. Алла әркімге өзіне өлшеулі өмір береді, сол өміріне жететін несібе мен ақыл-ой, сана, ғұмыр береді. Ақылдарыңды әркімге бір айта бермесеңдерші, өздеріңе жетпей қалады ғой. Шаршаттыңдар! Содан кейін күйеуден таяқ жейтін және жемейтін әйел болады. Ол да бір болмыс пен мінезге байланысты деп ойлаймын. Мен бала-шаға үшін күйеуге әрең көнетін, тоқтайтын әйелмін, маған айдаладағы біреулер кім болыпты? Абыройларыңды айрандай төкпей жүрген кезде, тыныш отырыңдар, – деді желі жұлдызы.

Еске салайық, блогер қыздар туралы айтқан имам ҚМДБ мекемесінің қызметкері болмай шықты. 

Талқылау