Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Уақыт созып, асқындырып алдым": Әнші Мәди Рымбаев көзіне ота жасатты

Қазақ эстрадасының жас буын өкілі, әнші Мәди Рымбаев көзіне ота жасатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/madirymbaev/

Өнер иесінің айтуынша, алдымен бір көзі көрмей қалған. Оқиғаның мән-жайын жеке парақшасында бүкпесіз баяндады. 

“Басымнан өткен оқиғаны бөлісуге енді дайын болдым. Жалпы көзімнің көруі нашарлағанын сезіп жүрдім. Уақыт өте келе телефон мен компьютердің алдында көп отырғандықтан, асқындырып алдым. Мен ота жасау туралы шешімді қалай қабылдадым?! Маған үлкен қолдау білдірген адам, ол – Ақерке жеңгем. Жақында ол да көзіне ота жасатып, көзілдіріктен құтылған еді. Сонымен Әли ағам мен Ақерке жеңгемнің қолдауымен ота жасауға келісімімді бердім. Одан әрі уақыт созудың керегі жоқ еді. Басында қорқыныш болды. Бірақ ештеңе сезген жоқпын. Бәрі жақсы өтті. Дәрігерлер де қорқыныш жоқ екенін айтты. Сенесіз бе, ота бас-аяғы 10 минутқа созылды”, – дейді өнер иесі. 



Желі қолданушылары әншіге денсаулық тілеп, ота жайлы кеңірек білгісі келетінін жарыса жазып жатыр. 

 

Талқылау