"Африкалықтар суға қуанғандай қуанды": Тұрғындар жаңа асфальт төселгенін тойлап, көшеде мерекелік дастархан жайған
Еліміздің бір аймағында тұрғындар асфальт үшін қуанып, көшенің дәл ортасында мерекелік дастархан жайып, тойлауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көршілердің мәз-мейрам болған бейнежазбасы желілерде таралды. Бейнежазба авторының мәлімдеуінше, тұрғындар жаңа асфальттың құрметіне дастархан жайып, бірін-бірі құттықтап жатыр.
Айтуларынша, бұл – 30 жылдағы осы көшеде салынған алғашқы асфальт.
“Қазақстанның бір жеріде, адамдарға бақытты болу үшін көп нәрсе керек емес екен... Міне, мереке! Әкімдік қуанта алады! Африкалықтар суға қалай қуанса, олар да солай қуанып жатыр”, – делінген бейнежазба сипаттамасында.
“Тойлап болғанша асфальт опырылып қалмасын”, “Бізде де осындай қуаныш болсын”, “Бізде мұндай қуаныш тек қиыншылықпен келеді” деп жарыса жазды желідегілер.
Талқылау

"Сиыр етінің келісі 6000 теңгеге жетті": Қазақстанда ет бағасының өсуіне не себеп болды
Кейінгі кезде сиыр етінің келісі 6 мың теңгеге жеткені туралы сөздер халық наразылығын тудырды.

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес