Африкада аударылған көліктен бензин ұрламақ болған 60-қа жуық адам тірідей жанып кетті (видео)
Танзанияда бензин тасымалдайтын көлік өртеніп, ондаған адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі TBC Taifa радиостанциясына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға мемлекеттің әкімшілік орталығынан батысқа қарай 200 км қашықтықта орналасқан Морогоро қаласында болды. Адамдар төңкерілген цицтернадан бензин құйып алу үшін жол-көлік оқиғасы болған жерге келген. Бір уақытта ол жарылып, кемінде 57 адам көз жұмып, тағы 65 адам зиян шекті.
«Көп адам көз жұмды. Тіпті, бензин ұрлауға бармағандар да ажал құшты. Өйткені бұл жерде адам көп еді», - дейді куәгерлердің бірі.
Оның айтуынша, жалын асқан жылдамдықпен таралып, адамдарды құтқарып қалу мүмкін болмаған.
TAZAMA HAPA : VIDEO Kabla Moto haujawaka katika Mlipuko Wa gari la mafuta... Wakazi Wa MOROGORO walijazana Kubeba mafuta ya Bure..... FUNZO, Watanzania Yatupasa kujifunza Kupitia Ajali Hii Mafuta ni Hatari sana #RIP NDUGU ZETU 😭😭😭 Tanzania pic.twitter.com/F8RZspG7Uo
— duke 🇰🇪🇰🇪 (@mike___duke) 10 августа 2019 г.
Twitter желісінде жарияланған кадрлардан ондаған адамның канистрлермен бензин құйып алып жатқанын көруге болады.