Африкада табылған омикрон штамының жаңа түрін анықтау қиын
Африкада қолда бар сынақтармен анықтау өте қиын омикрон штамының жаңа түрі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бейсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының африкалық кеңсесінің аға вирусологы Никси Гумеде-Моэлеци мәлімдеді.
"Омикронның BA.2 деп аталатын жаңа кіші түрі континенттегі бес елде анықталды. Ботсвана, Кения, Малави, Сенегал және Оңтүстік Африкада бұл түр таралған", – деді ДДСҰ.
Өткен айда BA.2 Еуропада – Данияда анықталды. Даниялық ғалымдардың айтуынша, кіші түрдің таралу қабілеті жоғары.
Гумеде-Моэлеци BA.2 анықтау өте қиын екенін атап өтті, өйткені омикрон штаммын анықтауға арналған сынақтар оны анықтамайды.
"Біз осы кіші түрдің нақты бейнесін алу үшін дүние жүзіндегі бірқатар зертханалармен жұмыс істеп жатырмыз", – деді ДДСҰ қызметкері.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр