Африка құрлығында жер екіге бөлінуде
Африка құрлығында жер екіге бөлінуде. Жер қыртысының жыртылуы 2005 жылы пайда болған. Ал содан бері оның бөліну тереңдігі үлкейіп келеді. Ғалымдар жарықшақтардың пайда болу механизмін әлі толық түсіне алмауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кейінірек жүргізілген зерттеу нәтижелері Жердің өзегінен қатты қызған тау жыныстарының жаппай атқылауы бұл ақауды тудырғанын көрсетті. Зерттеушілер бүгінде оның ұзындығы 3219 шақырымды құрайтынын және жыл сайын 2,5 сантиметрге ашылып кеңейп жатқанын жеткізді.
Зерттеушілер алдағы 5 миллион жылда Африканың екі бөлікке бөлінуі әлі де екіталай екенін айтады. Алайда бұл орын алған кезде Сомали мен Эфиопияның жартысы, Кения мен Танзания жаңа континентті құрайды. Сонымен қатар, оңтүстік-шығыс жағалауындағы елдер Эфиопиядан Мозамбикке дейін жойылып, орнына мүлдем жаңа теңіз бен арал пайда болуы мүмкін.
Зерттеу авторлары ақаудың кеңею жылдамдығы шын мәнінде артуы мүмкін деп санайды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"