Қазақстанда алғашқы АЭС-ке атау беру үшін жалпыхалықтық конкурс өтеді
Фото: unsplash.com
Атом энергиясы жөніндегі агенттік Алматы облысының Жамбыл ауданында салынатын алғашқы атом электр станциясына (АЭС) атау беру үшін жалпыхалықтық конкурс ұйымдастырмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттік мәліметінше, 29 тамызға дейін конкурсты өткізу алгоритмін және оның мерзімдері мен ұсыныстарды қабылдау және қарау тәртібін қамтитын ережелер жобасын әзірлеу тапсырылған жұмыс тобы құрылған.
Қазақстандағы бірінші АЭС-тің нақты құны қашан белгілі болады – Роман Скляр жауап берді
"Росатом" Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің макетін көрсетті
Сондай-ақ құрамына қоғам өкілдері, креативтік индустрия мамандары, атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кіретін конкурстық комиссия құрылады.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев "Росатом" салатын АЭС-ке атау беру үшін байқау жариялауды ұсынған еді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған