Әділетті – Министрлер президент жариялаған сөгіс туралы
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сұрақтар әділ қойылды. Өте дұрыс сын айтылды. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Қызметіміздің тиімділігін арттыру бойынша міндет қойылды. Ауыл шаруашылығы министрлігімен іс-шаралар әзірледік, сіздердің алдарыңызда да, Мемлекет басшысының алдында да баяндаймыз", – деді Сұлтанов.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те президент сынымен келісетінін айтты.
"Мемлекет басшысы жариялаған сөгісі әділ болды. Жұмысымызда кемшіліктер болғанын білеміз. Өз баяндамамда қант нарығында объектив және субъектив факторлар болғанын көрсеттім. Қазір оны түзету әрі жұмыс тиімділігін арттыру үшін барлық қажет шараны қолданып жатырмыз", – деді министр.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында үш министрге сөгіс жариялаған еді.
Қызылордада дәрігерлер әйелге кесарь тілігін жасаған кезде қуығын тесіп алған: Ол бес ай бойы жөргек киіп жүр
Қазір отбасы әйелді Алматыға емделуге жіберуге дайындалып жатыр
Мектепте хиджабқа ғана емес, діни сипаттағы кез келген киім элементіне шектеу қойылады – Дінтанушы
Дінтанушының пікірінше, талап оқушылар арасында әлеуметтік немесе діни ерекшеліктеріне қарай жіктелудің алдын алуға бағытталған