Әділет министрі еліміздегі жаңа облыстардың қашан бөлінетінін айтты
Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда жаңа аймақтарды бөлу туралы шешім бір жарым ай ішінде қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Менің білуімше, облыстардың бюджетін бөлу және шекараны анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында ғана ШҚО шекарасы шамамен қалай бөлінетіні туралы ақпарат БАҚ-та жарияланды. Әзірге жаңалық жоқ, жұмыс жүргізіліп жатыр. Жаңа облыстар бойынша Үкіметтің экономикалық блогы айналысып жатыр. Менің ойымша, алдағы бір жарым айда шешім қабылданады", – деді министр Сенат отырысынан кейін.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысына қай аудандардың кіретінін хабарлаған едік. ШҚО облыстық мәслихатының отырысында Абай өңіріне 2 қала мен 8 ауданның кіретіні айтылды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ