Әділбек Мусин бастаған жүзгіштеріміз олимпиадаға лицензия беретін турнирге қатысады
Жүзу спортынан Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама беретін іріктеу турниріне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Жүзуден Италияның Рим қаласында өтетін Париж олимпиадасына іріктеу бәсекесі өтеді. Әділбек Мусин бастаған жүзгіштеріміз олимпиадаға лицензия беретін осы турнирге қатысады. 21-23 маусым аралағында өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан сапынан бес спортшы қатысады. Назарларыңызға лицензиялық турнирде сынға түсетін спортшылардың тізімін ұсынамыз:
- Диана Тасжанова;
- Ксения Игнатова;
- Софья Сподаренко;
- Әділбек Мусин;
- Максим Сказобцов.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасында жүзу спортынан әзірше Париж олимпиадасының жолдамасы жоқ.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген

