Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің мәйіттері Қазақстанға 11 ақпан күні жеткізіледі
Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан қазақстандық Әділ Қадырбеков пен Мәрболат Құрмашевтің мәйіттері елге 11 ақпанда жеткізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан мерт болған Әділ Қадырбаев пен Мирболат Құрмашовтың мүрдесі 11 ақпанда елімізге жеткізіледі", - деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдері.
Ал зілзаладан зардап шеккен отандасымыз Сәбина Мамадиярованың жарақаттанған қолына ота жасалды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты.
Естеріңізге сала кетсек, Түркияның Хатай провинциясына қарасты Антакья қаласында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында 9-ақпан күні таңғы сағат 9-да үйінділер астынан екі адамның мәйіті табылды. Оның біреуі түркиялық Құбылай Кескин болып шықты. Екінші мүрде - Әділ Қадырбековтікі. Оны марқұмның туыстары растады.
Ал бүгін Мирболат Құрмашевтің денесін құтқарушылар үйінді астынан алып шыққаны белгілі болды.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”