"Әдепсіз сөздер айтқан": Жетісу облысында ауыл әкіміне қатаң сөгіс жарияланды
Жетісу облысындағы Үшарал ауылдық округінің әкіміне қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде мамыр айының ортасында Үшарал ауылдық округінің әкімі Мақсұт Сайділдиновтің жергілікті тұрғынға дөрекі сөздер айтқан әңгімесі түсірілген бейнежазба пайда болды.
26 мамырда Жетісу облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті жергілікті белсенділердің өтінішінен кейін қызметтік тексеруді бастады. Нәтижесінде 31 мамырда департаменттің Әдеп жөніндегі кеңесі әкімге жаза қолдануды ұсынды.
6 маусымда Алакөл ауданының әкімі Алмас Әбдинов Мақсұт Сайділдиновке тұрғындармен дөрекі қарым-қатынаста болғаны және әдепсіз сөздер айтқаны үшін қатаң сөгіс жариялады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі