“Әдепсіз әйел”: Желіде келінін ұрып жатқан ененің видеосы жұртшылықтың жағасын ұстатты
Желіде келінін бас сала ұрып жатқан ененің видеосы жұртшылықтың жағасын ұстатты. Видеода енесі келінінің шашынан тартып, сүйрейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pexels-тен алынған
Кейбір парақша бұл оқиғаның Шымкентте орын алғанын жазған.
Желі қолданушылары сынап, пікір қалдырды.
“Өз бетімен кетсін”, “Әдепсіз әйел”, “Менің әжем де келінінің қанын ішетін. Бірақ бұлай емес. Көзімен және сөзімен қорқытатын”, “Күйеуі видеоға түсіріп тұр ма?”, – деді пікір қалдырушылар.
Болған оқиғаға байланысты Шымкент қаласының полиция департаментінен сұрап көрдік.
“Аталған дерекке қатысты қызметкерлермен тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, бейнежазбадағы жайт Шымкент қаласы аумағында орын алмағаны анықталды”, – деді ведомство.
Белгілі болғандай, видео Қырғызстанда түсірілген. Кейбір мәліметтер бойынша, әйелдер арасындағы жанжал мүлікті бөлуге қатысты болған.
"Балаларының көзінше ұрып, атынан 2 миллион теңге кредит алған": Шымкенттік ер адам әйелін соққыға жықты деп айыпталды
Әпкесінің сөзінше, осы күнге дейін шеккен азабын сіңілісі жасырып келген
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді