Адамшошырлық статистика: Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 16 адам коронавирустан көз жұмды
Қазақстанда коронавирустық инфекциядан көз жұмғандар саны 166 адамға жетті, деп хабарлайды COVID-19-ды таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Сенбіде, 27 маусымда, тағы сегіз науқас қайтыс болды. Құрбандар Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Дәл сол күні елордалық емханаларда тағы сегіз науқастың қайтыс болуы туралы хабарланған болатын.
Коронавирустан көз жұмғандардың ең үлкені 78 жаста, ең кішісі 44 жаста болған.
Жалпы, Қазақстанда коронавируспен 20 780 науқас тіркелді.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 25 жастағы қыз пневмониядан көз жұмды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар