Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 25 жастағы қыз пневмониядан көз жұмды

25 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

1995 жылы туған қызды жедел жәрдем тобы ауыр халде 1-ші қалалық ауруханаға жеткізген.

"Қабылдау кезінде тыныс алуы қиындап, ауа жетпей тұрды, дене қызуы көтеріліп, әлсіздік байқалды. Дұрыс тыныс ала алмағандықтан қыз ауыр жағдайда жеткізілді", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Жас қызға ауыр екі жақты полисегментальды пневмония және тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозы қойылған.

Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан бойжеткен 25 маусымда қайтыс болды. Оның денесінде коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест нәтижелері әлі дайын емес.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның астанасында пневмониямен ауыратындар саны жеті жарым есе өсті: қазір күніне 600 адамға дейін ауруға шалдыққан.

Талқылау