Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамның өмірін қысқартатын өнім белгілі болды

Медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер эндокринолог Зухра Павлова адамның өмір жасын қысқартатын өнімді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

колбаса

Дәрігердің сөзінше, шұжық денсаулыққа өте зиян. Себебі оның құрамында нитраттар көп. Бұлар шұжық дайындалатын етке инфекция енбеуі үшін қосылады екен. Маман нитраттар аурудан қорғайды, десек те адамның ішіне түскеннен кейін минералдар ақуыздармен араласып, зиянды заттарды түзеді дейді. 

Мәселен, осындай байланыстың нәтижесінде пайда болған гликирленген заттар жүрек ауруларына, қант диабетіне, онкологиялық ауруларға әкеліп, адамның өмір жасының қысқаруына себепші болады. 

Сондай-ақ Павлова дүкендерде "табиғи өнім" деп сатылатын шұжықтардың басқаларынан айырмашылығы жоқ екенін жеткізді. 

"Етке нитраттар көптеп қосылады. Бұл мысалы ботулизмді болдырмау үшін қажет. Өз кезегінде табиғи шұжықтың әсерінің арзан түрінікінен айырмашылығы болмайды", - дейді ресейлік дәрігер. 

Талқылау