Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адами кемшілігім - арақ ішетінім": Қанат Әлжаппаров отбасы, қызықты оқиғалары, қателіктері туралы айтты

Қазақстандық әзілкеш Қанат Әлжаппаров өмірі мен шығармашылығы жайынды ашық баяндайды. Әзілдерінен кейін естіген сыны, қателігінен алған сабағы көп. Жайдарман түлегі кемшілігін мойындаудан қорықпайды. Қатесін түсініп, жиі кешірім сұрайтынын айтады. 

Бұл туралы "Талқылайық" бағдарламасында айтылды. 

Қанат Әлжаппаров бүгінде әзіл әлемінен бөлек кино саласына бет бұрды. Кәсіби актер болмағанымен алғаш киноға түсіп, басты рөлді сомдады. Әзілге құрылған туынды әзілкештің көңілінен шыққан екен. Бұдан кейін де шақырған кино рөлдерді сомдап, киноға жақындайтынын ашық айтты. 

"Өзім басты рөлді сомдаймын. Кино өз туған жерімде түсірілді. Өзіме ұнады. Бұрын кастингтен қашушы едім. Кино десе, ат тонымды ала қашатынмын. Қазір керісінше ұнап қалды. Алдағы уақытта киноларда бой көрсетемін деп ойлаймын", - деді ол. 

Қанат Әлжаппаровтың кез келген әзілі көрерменге өткенімен өкінетін сәттері жиі болады. Ал өзі Тұрсынбекті ерекше құрметтейді. 

"Кейде Тұрсынбектің ескертуі тура келеді. Шоу-айтыс жасағанда біріншісі халыққа ұнады. Екіншісі ұнамады. Екіншісі мүлде өтпеді. Сол кезде Тұрсынбек ескертіп еді. Қатыспай-ақ қой деп айтты. Екіншісі халыққа өтпейді деді. Одан да концертіңе дайындал деді. Тыңдамап едім, халықтан сөз естідім. Айтыскерлерден сөз естідім. Аяқ аяғы жексұрын болып, кешірім сұрап, соңында айтысқа мүлде жоламайтын болдым. Аманжол Әлтаев, Ринат Зайытовтар ауыр сын айтты. Мен оған ренжімеймін. Керісінше Ринаттың маған сын айтқанына қуандым: Кешірім сұрадым. Оны жасырмаймын", - деді әзілкеш. 


Қанат Әлжаппаров: Саяси әзілдерімді қиып тастайды, сондықтан арзан әзілдер айтып жүрмін


 

Қанат Әлжаппаров өзінің ішімдік ішетінін мойындайды. Алайда ешкімге зияным жоқ деп ақталды. 

"Менің адами кемшілігім - арақ ішемін. Бірақ жатып алып ішпеймін. Ешкімге зияны жоқ кемшілік шығар. Көпшілігі ойлайды мені ішімдікке әуес деп. Негізі олай емес. Ес-тұстан айырылып ішімдік ішпеймін. Кезінде КВН-де жүргенде ішіп жүрдік. Содан кейін қалған түсінік шығар", - деді ол. 

Қанат Әлжапаров бесінші баласын күтіп отырғанын айтты. Келіншегінің аяғы ауыр.

"Әйелімнен көп кешірім сұраймын. Көп ұрысып қаламыз. Мен кешірім сұраймын. Жүкті болған соң ба ұрысқақ болып кетеді. Менде "ұсталып қалу" деген мәселе жоқ, жай ғана отбасылық  ұрыс-керістер", - деді әзілкеш. 

Талқылау