Адамдарға шабуылдаған акулаларды жағажайдағы демалушылар тамақтандырған
Фото: Associated press
Израильдің Хадера қаласындағы жағажайда адамды жеп қойған акулаларды туристер тамақтандырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Associated Press сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Шабуыл 21 сәуірде болған. Жағажай суға түсуге арналмаған, дегенмен жәбірленуші ескертулерге құлақ аспай, суға кеткен. Акулалар оны көптеген демалушылардың көзінше өлтіріп тастады.
Шабуыл алдында акулаларды туристер байқады. Кейбірі оларға тамақ лақтырып, жақындап, желбезектерін тартып мазақтаған. Басқа жағажайда адамдар құтқарушылардың судан шық дегеніне қарамастан, акулаларға қарай жүзген.
Бұған дейін Израильде акулалар адамдарға үш рет шабуыл жасаған: 1946, 1974 және 2013 жылдары. Құрбандардың үшеуі де аман қалды.
Соңғы шабуылдарды күңгірт немесе көк-сұр акулалар жасапты. Күңгірт акулалардың ұзындығы төрт метрге дейін, салмағы 350 келіге дейін жетеді. Көк-сұр акулалардың максималды ұзындығы – 2,5 метр, салмағы – 100 килограмм.
Еске салайық, бұған дейін Индонезияда демалыс кезінде туристті қатты ағыс алып кетіп, оны акула жеп қойғанын жаздық. Оңтүстік Дакотадан келген 68 жастағы Коллин Монфортенің денесін балықшылар акуланың асқазанынан тауып алды.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
