Адамдардың денесі мөшекке салынған: Маңғыстау әкімдігі кең тарап кеткен видеоға қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде мәйіттер салынған мөшектің видеосы пайда болды. Бейнежазбада бұл оқиға Ақтау қаласында орын алып жатқаны айтылады. Осы деректерге байланысты Маңғыстау облысының әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазбаның Маңғыстау облысына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты әкімдік.
"Бұл жалған. Біз бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде мәлімдейміз. Бұл бейнежазба Ақтау қаласындағы ауруханада түсірілмеген", - деп түсіндірді облыс әкімдігінде.
- Ақтауда қала әкімінің орынбасары көз жұмды
- "Науқастарды бірде бір аурухана қабылдамайды": Шымкенттік дәрігер жанжал тудырған видео туралы айтты
Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі біле тұра жалған ақпарат таратқаны үшін адамға Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қауіп төндіретінін еске салды.
Мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл (2,778,000 теңге немесе 6,800 доллар) немесе қоғамдық қызмет атқару немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі