Ақтауда қала әкімінің орынбасары көз жұмды
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева көз жұмды, деп хабарлайды inaktau.kz-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Гүлжазира Алдашева өткен жылдың тамыз айынан бастап қала әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Ол кеше, 3 шілдеде, 55 жасында пневмониядан ауырып көз жұмған.
Әлеуметтік желілерде оның әріптестері көңіл айтады.
- Белгілі ғалым Рәбиға Сыздық дүниеден озды
- Дене қызуы көтеріліп тұрса да, қыздарды ұзатудан бас тартпайтынын айтқан ару желіде таралған фотосын түсіндірді
"Бүгін түнде Ақтау қаласы әкімінің орынбасары пневмониядан қайтыс болды. Оған ИВЛ аппараты немесе ауруханада орын жетіспеді деп ойлайсыз ба? Немесе дәрі табылмады ма? Адамдар жағдайдың қиын екенін әлі де түсінбейді. Иманды болсын", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев.
Айта кетейік, Қостанай облысында 43 жастағы әкім орынбасары көз жұмғаны хабарланған болатын.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді