Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пермьдегі университетте студент адамдарға оқ жаудырған: Қаскөйді атып тастаған полицей оқиға жайлы айтты

Пермьдегі университетте адамдарға оқ атқан 18 жастағы студентті атып тастаған полиция қызметкері оқиға жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

полиция

Белгілі болғандай, қаскөйді қарапайым полиция қызметкері, кіші лейтенант Константин Калинин атып тастаған. 

“Жол-көлік оқиғасына байланысты құжаттар рәсімдеп жатқанбыз, сол кезде куәгерлердің бірі университетте біреу атыс шығарғанын айтып жүгіріп келді. Біз әріптесімізбен бірге бұл ақпаратты рас-өтірігін тексеру үшін оқиға орнына аттандық. Оқу орнына жақындағанда студенттердің бас сауғалап қашып жатқанын байқадық, оқ дауыстарын естідік”, – дейді ол. 

Айтуынша, әріптесі қашқан адамдарды эвакуациялауға аттанса, өзі ғимаратқа кірген. 

“Университетке кіргенде қаскөйдің баспалдақтан түсіп келе жатқанын байқадым. Бірақ ол қаруын маған қаратып атып жіберді. Артынша мен де қару қолдандым. Әлгі жігіт жерге құлады. Оның жанына жақындап, қаруларын алшақтатып, дәрігерлік көмек көрсете бастадым”, – дейді полиция қызметкері. 

Айта кетсек, Пермь мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті өзі оқитын білім ордасына қару әкеліп, адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан алты адам көз жұмып (бұған дейін 8 адамның қаза болғаны айтылған еді), тағы 24-і жарақат алды. 

Ресми органдар қылмыскердің өлімін растамаған. Десек те, кейбір деректерге сәйкес, ол полиция оғынан қаза болған. 


Талқылау