AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студенттерге оқ атқан пермьдік шабуылшының қолға түскен видеосы пайда болды

Желіде 20 қыркүйекте Пермь университетіне оқ жаудырған қарулы қылмыскерді қолға түсірген бейнежазба пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пермь

Жазба кадрларынан жергілікті БАҚ ГИБДД қызметкері деп атаған адамның қарулы қылмыскерге қарсы оқ атқанын көруге болады. Олардың мәліметінше, төтенше жағдай орнына келген инспектор ғимаратқа жүгіріп кіріп бірнеше рет оқ атқан, содан кейін қарулы адамды ұстаған.

Ресей Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қылмыскер студент полицейлердің жауынгерлік оғынан жарақат алған.

"Оқиға орнына бірінші болып Пермь қаласы бойынша ІІМ Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясының жол полициясы полкінің экипажы жеткен. Полиция кіші лейтенанты Константин Калинин бас ғимаратқа кірді, ал оның әріптесі аға полиция лейтенанты Владимир Макаров азаматтарды эвакуациялауды ұйымдастыра бастаған. Ғимарат ішінде Константин Калинин қарулы адамды көреді. Полицейді байқаған қылмыскер оған қарсы бірнеше рет оқ атқан. Қарсы жауап ретінде жол полициясы шабуылдаушыны жаралайды, одан соң жанына келіп қаруынан айырып алғашқы көмекті көрсетеді", – деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің сайтында.

Айта кетейік, бүгін белгісіз адам Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырды. Қазіргі уақыттағы мәлімет бойынша 8 адам қаза тауып, 28-і жараланғаны белгілі. Кейбір мәліметтер бойынша, атысты шығарған 18 жастағы студент Тимур Бекмансуров есімді азамат болуы мүмкін.

Сонымен қатар қылмыскердің “Мен бұл туралы ұзақ ойлап жүрдім, жылдар өтті, мен армандаған нәрсені іске асыруға бір сағат қалғанын түсіндім”, – деп жазған сөздері тараған

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр