Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл туралы ұзақ ойлап жүрдім": Желіде Пермь университетінде оқ атқан жас жігіттің фотосы мен жазбасы таралды

Желіде Пермь мемлекеттік университетінде оқ атқан 18 жастағы Тимур Бекмансұровтың фотосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті 20 қыркүйекте студент Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің ғимараттарының бірінің аумағында жүріп, айналасындағыларға оқ жаудырған.

“Нәтижесінде сегіз адам көз жұмды, бірнеше адам зардап шекті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәліметтер нақтылануда”, – дейді Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.

Күдікті өзінің қылмысын ұзақ уақыт бойы жоспарлағанға ұқсайды. Ол өз ойын әлеуметтік желіге ашық жазған.

“Мен бұл туралы ұзақ ойлап жүрдім, жылдар өтті, мен армандаған нәрсені іске асрыуға бір сағат қалғанын түсіндім", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.


"Бетім жанып, үстіме топырақ шашылып жатқанда ояндым": Полковник Тараздағы жарылыс жайлы 


Алдымен ол бұрынғы мектебіне шабуыл жасағысы келді, бірақ наурыз айының соңында шешімін өзгерткен.

“Бұл мектеп "өмірінің соңғы 10 минутын өткізуге тым жағымсыз жер" деп жазған.

Айта кетейік, бүгін белгісіз адам Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырды.


Павлодарда оқушы қызды сырт киімі үшін ұятқа қалдырған мектеп директоры жазаланды 


 

Талқылау