Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам өмірін ұзартатын үш дәмдеуіш анықталды

Қатерлі ісік пен қант диабеті қаупін төмендететін үш дәмдеуіш аталды. Олардың адам өмірін ұзартатыны анықталды. Джессика Ниббс есімді зерттеуші Express басылымына арналған материалында осылай дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ЖездесімефҚатерлі дерт торларын жоятын дәмдеуіштер анықталдын жақын қатынаста болған: Күйеу жігіт өзіне опасыздық жасаған қалыңдығының масқарасын шығарды

Ғылыми мақала авторы пайдалы қасиеттері бар үш табиғи тағам қоспасын атады.

“Тізімде бірінші болып куркумин жайғасты, ол қатерлі ісік пен егде тартқан адамдар шалдығатын аурулардың қаупін азайтуға көмектеседі.

"Куркумин липидтердің тотығуын тежеу арқылы өмірді ұзартады, сонымен қатар антиоксидантты белсенділікті арттырады", — деді Ниббс.

Оның айтуынша, зерттеу барысында 1 ай ішінде 4 грамм дәмдеуіш тұтынған адамдарда  тоқішектің зақымдануы 40 пайызға азайған еді.  Бұл зақымдану қатерлі ісікке айналуы мүмкін еді.

Тізімге екінші енгізілген дәмдеуіш – дәмқабық, даршын (корица). Ол қандағы қант мөлшерін төмендетеді.  Зерттеулерге сәйкес, даршын қабынуды жеңілдетуге көмектеседі, ал даршын сығындысы обыр жасушаларының таралуын азайтып, оларды жояды.

Тағы бір емдік өсімдік –  сәлбен. Бұл дәмдеуіш мидың жұмысын және есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі, Альцгеймер дертіне пайдалы. Сондай-ақ материалда сәлбенді жүрек ауруларының алдын алу үшін қолдануға болатыны жазылған.

Талқылау